«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ҚАЛАЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ?

“Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңның 1-бабы 6-тармақшасында айтылғандай, мүлікті жария ету туралы декларацияны (бұдан әрі – арнайы декларация) мүделлі субъектілер заңда белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына тапсырады.

Декларация қағаз жеткізгіш түрінде мемлекеттік кірістер органдарына қолма-қол әкеп беріледі немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіткізіледі. Декларацияның тіркелуі қолма-қол әкеп берген кезде тапсырылған күнінен, ал пошта қызметін пайдаланған жағдайда жеткізілген күнінен бастап есептеледі.

Мүлкін жария етуші субъекті заң бойынша арнайы декларацияның тапсырылу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ, жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс. Олар сақталмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары құжаттың қабылданбау себебін көрсете отырып, жазбаша түрде декларацияның тапсырылған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қайтарып береді.

Мемлекеттік кірістер органы жария етуші субъектіге жазбаша бас тартуды жолдамаған жағдайда арнайы декларация қабылданды деп есептеледі. Бұл декларацияны Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары, сонымен қатар басқа тұлғаға ресімделген ақшалары мен мүліктері (ақшалай емес) барлар; Қазақстан Республикасы аумағында, сонымен қатар басқа тұлғаға немесе жария етуші субъектіге ресімделген ақшалары мен мүліктері (ақшалай емес) барлар тапсырады.

Сонымен қатар, шетелдердегі мүлікті жария еткен кезде, сондай-ақ, жария етілетін ақша екінші деңгейдегі банкте ағымдық шот ашылып аударылмаған жағдайда декларация тапсырғанға дейін заңдастырылатын мүлік құнының 10 пайыз мөлшерінде алым төленуі қажет.

Арнайы декларация жария етілетін субъектінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тапсырылады. Арнайы декларацияға ақпаратты растайтын құжаттар немесе мәліметтер қоса ұсынылады.

Тапсырылатын арнайы декларацияның санына шектеу қойылмайды: әр объектіге декларация тапсыру мүмкіндігі бар.

Жария етілетін, мүлікке байланысты, қажетті құжаттар тізімі туралы ақпаратты СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің http://sko.kgd.gov.kz интернет-ресурсынан (Жеке тұлғаларға – жария ету айдары) табуға болады. Немесе 8(7152) 36-31-91 телефоны бойынша қоңырау шалу қажет. Сондай-ақ, департамент сайтында арнайы декларация және оны толтыру ережесі орналастырылған.

Мүлікті жария етуге асығыңыздар! Мүлікті заңдастыратын тұлғалар үшін барлық кепілдіктер заңнамамен көзделеді.

Жаңыл ҚАБДӨШЕВА,

облыстық мемлекеттік кірістер

департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp