«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ КӨЛІКТЕРГЕ ЖОЛ БЕРМЕГЕНДЕРГЕ – АЙЫППҰЛ

Петропавлда арнайы автокөліктерге жол бермейтін жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд өткізілді. Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жарқылдауығы мен дыбысы қосылған «Жедел жәрдем» көлігінің соңынан ілесіп жүрді.

Рейд барысында бірде-бір заң бұзушылық анықталған жоқ. Ал былтыр полицейлер шұғыл қызметтердің арнайы автокөліктеріне жол бермеген жүргізушілерге қатысты 11 хаттама толтырған болатын. Бұл оқиғалардың 10-ы облыс орталығында орын алған еді.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 598-бабы бойынша яғни жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған арнайы қызметтердің көліктеріне жолда басымдық бермегендерге айыппұл салынады. Бұл апаттық жағдай тудыратын заң бұзушылық болып табылады. Сонымен қатар, «Жедел жәрдем», өрт сөндіру және полиция машиналарының өтуіне жол бермеген жүргізуші арнайы қызметтердің көмегіне зәру жандардың өміріне қауіп төндіреді”, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Қанат Әлімжанов.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp