«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ – НҰРИСЛАМДА

Ерік Асқаров атындағы ақындар мектебінің ұстазы Нұрислам Әбділ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы­на арналған “Қалың елім, қазағым…” атты республикалық ақындар айтысының арнайы сыйлығымен марапатталды.

Айтыс ақындары мен жыршы-терме­шілердің халықаралық одағының және Атырау облыстық әкімдігінің қолда­уымен жүзеге асқан республикалық байқауда 24 айтыскер өнер көрсетті. Ақындар бірінші айналымда Абайдың өмірі мен шығармашылығын жырға қосып, бүгінгі толқынның әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыруға тырысты. Екінші айналымда үміткерлер өз өңірлерінің жетістіктеріне тоқталып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Жерлесіміз Нұрислам Әбділ екі күнге созылған додада Атырау облысының қос айтыскері Серік Қойшығұловпен және Сырымбек Сәрсенбаевпен сөз жарыстырды.
Айтыстың ақтық мәресіне онымен бір­ге 9 өнерпаз өтті. Жыр додасының бас жүлдесі айтыс ақыны, “Egemen Qa­zaqstan” газетінің журналисі Рауан Қайдаровқа бұйырды.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp