Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 3263,6 мың тонна арпа жиналды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл көрсеткіш былтырғы өнімімен салыстырғанда 594 мың тоннаға артық. Үстіміздегі жылы арпа 1 897,2 мың гектар алқапқа егілді. Қазіргі кезде 99,6 % алқап орылды. Биыл 1 гектардан 17,3 центнер өнім алынуда.
Тағы бір айта кетерлік жайт, ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов Үкімет отырысында келешекте егіс алқаптарының құрылымында айтарлықтай өзгерістер болатынын айтқан-ды. Алдағы жылдары егіс алқаптарындағы астық көлемі 2 млн. гектарға азайып, майлы дақылдар егісінің ауқымы артады.