«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Артық жұмыс атқарған

Облыста биылғы тоғыз айда әдеп жөніндегі кеңес мамандары қараған істердің 64 пайызы заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталса, қалғаны тәртіптік істермен байланысты.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша де­пар­таментінің басшысы Ер­жан Қарымсақовтың айтуын­ша, әдеп жөніндегі кеңестің бү­гінде тәртіптік істерді қарау­дан басқа да функциясы кө­бей­ген. “Кеңестің негізгі мінде­ті – сыбайлас жемқорлықтың жә­не қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу үшін шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің жауапкер­шілік деңгейін арттыру. Яғни ке­ңес тек жазалаушы орган ғана емес, сонымен қатар мемле­кеттік қызметте кәсіби, әдепті ортаны қалыптастыру құралы болып отыр”, – дейді Ержан Қа­рымсақов.

Көпшілік әлі күнге мемлекеттік қызметте істейтіндер түннің бір уа­ғына дейін жұмыста отыруға мәж­бүр деп есептейді. Департамент мамандары мұны құптамайды. Мемлекеттік қызмет істері агент­тігі мен оның аумақтық бөлім­ше­леріне 2023 жылғы мамырдан бас­тап мемлекеттік органдарда жұ­мыс уақыты режімінің сақталуына мониторинг жүргізу өкілеттіктері берілген. Сонымен қатар өткен жылдан бастап мемлекеттік қыз­мет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметшілермен қа­рым-қатынаста жұмыс беруші жа­саған құқық бұзушылықтарды қа­рау функциясын қоса атқаруда. Яғни департамент қызметкерлер­дің жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін мемле­кеттік органдардың басшыларына қатысты әкімшілік шара қол­дануға құқылы.

Жыл басынан бері департа­мент жұмыс уақыты режімінің сақ­талуына қатысты 13 рет мониторинг жүргізген. Мамандар мемле­кеттік органдарға тікелей барып немесе жұмыс уақытын есепке алуды бақылау жүйелерінің де­ректерін пайдалана отырып қа­шық­тан тексерген. Нәтижесінде артық жұмыс істеген 36 мемле­кеттік қызметші анықталды, 30 қыз­меткерге демалыс сағаттары бе­рілді, ал 6 қызметкерге тиісті тө­лем жүргізілген.

“Мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу мәселесін шешу тек мемлекеттік органдар та­рапынан ғана емес, қызметкер­лердің де белсенді қатысуын та­лап етеді. Мемлекеттік қызмет­ші­лердің өз құқықтары туралы білуі және оларды белсенді қорғауы маңызды”, – дейді департамент бас­шысы.

Бұдан бөлек биылғы 9 айда облыстың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне 458 тәртіптік жаза қолданылған. Оның 356-сы жергі­лікті атқарушы органдарға, қалға­ны аумақтық мемлекеттік орган­дарға қатысты.

“Тәртіптік жаза қолдану рәсімі Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 2015 жылғы 29 желтоқ­сандағы №152 Жарлығымен бе­кітілген және мемлекеттік қызмет­шілерге тәртіптік жаза қолдану қа­ғи­даларымен регламенттелген. Зерттеу және талдау материал­дары ретінде тоқсан сайын мем­ле­кеттік органдар ұсынатын есеп­тер қолданылады. Мемлекеттік қыз­метшілерге қатысты ең жиі кез­десетін заң бұзушылықтарға тоқ­талсақ, оларға тәртіптік жаза қол­дану мерзімдерін бұзу және қыз­меттік тергеу рәсімін жүргізбеу жа­тады. Биылғы 9 айдың қорытын­дысы бойынша департамент тәр­тіптік жаза қолдану туралы 15 ак­тінің күшін жойды”, – дейді Ержан Қарымсақов.

Маманның айтуынша, тәртіп­тік жауапкершілікке тарту кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқы­ғын бұзу фактісі сараланады, де­партамент оны қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабыл­дайды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp