
ХІХ-ХХ ғасырлар – халқымызға небір дарынды, тума таланттардың шоғырын сыйлаған кезең. Қазақ әдебиетінде жыраулар дәстүрі мен Абай негізін қалаған жаңа жазба әдебиеттің арасын жалғаған, біріктірген, рухани алтын көпірі бола білген қазақ ақындарының ішінде әдебиет тарихында өз орны бар ірі тұлғалардың бірі – Орынбай Бертағыұлы.
Орынбай ақынның туған жылы туралы деректер күні бүгінге дейін нақтыланбай келеді. Мұның негізгі себебі кеңес дәуірінде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақындардың басым көпшілігі “зар заман өкілдері”, “сарай ақындары” атанып, теріс баға алғандығында болса керек. “Абылайдай, Уәлидей, Шыңғыстай, Ерден, Тұрлыбектей хан-сұлтандарды, би-болыстарды мақтап, мадақтаған, яғни, шынжыр балақ, шұбар төстердің заманын дәріптеген, солардың таптық ақындары болған” деген біржақты анықтама беріліп, Орынбай ақынның мол мұрасын насихаттауға қарсы болған, оның өлең, жырларын, айтыстарын айтқызбаған. Орынбай негізін салып кеткен Арқа ақындар мектебінің шәкірттері де қуғынға ұшырады.
Орынбай ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мақаланың толық мәтінін газетіміздің №4 (15.01.2019) санынан оқи аласыздар.