«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСАНӘЛІ — ӨНЕРЛІ ӨРЕН

Асанәлі Ораз – зерек, ақылды әрі тәртіпті бала. Ол Есіл ауданындағы Сарман ауылында дүниеге келді. Қазір дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында оқиды.

Өз ісіне тиянақты, ұқыпты, мінезі салмақты, еңбекқор Асанәлі өнерге де жақын болып өсіп келеді. Дарынды оқушымыз осыған дейін көптеген халықаралық байқауларға қатысып, өңір намысын абыроймен қорғады. 2018 жылы Алматы қаласында дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен республикалық жас орындаушылар байқауында халық аспаптар аталымы бойынша үшінші орын алып, мерейімізді үстем етті. Оның өзге де жеңістері туралы ауыз толтырып айтуға болады.
Жас өнерпаздың болашағынан біз үлкен үміт күтеміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp