«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Астанадан” айласын асырды

Футболдан ел біріншілі­гінің 18-тур ойындары аясында “Qyzyljar” клубы өз алаңында елордалық “Астана” командасын қабылдады.

Матч басталысымен солтүстікқазақстандықтар қарсыластарының алдын орауға тырысты. Көп ұзамай айып добы белгіленіп, әуелетіп берілген пасты қызылжарлық Максим Драченко ұтымды пайдаланып, ойынның үшінші минутында есеп ашты. Қарқынды бәсеңдетпеген жерлестеріміз алты минуттан соң тағы гол соқты. Бұл жолы Юрий Бушман тоғыздықты дәл көздеді.

Екінші таймда елордалықтар есепті қысқарту үшін барын салды. Нәтижесінде Исламбек Қуат ойынның 51-ші минутында есеп айырмасын қысқартты. Алайда қарсы шабуылдардың бірінде қызылжарлық Дарко Зорич мүмкіндікті мүлт жібермей, мергендік танытты. Кездесудің 85-ші минутында Абат Айымбетов “Qyzyljar” қақпасынан тағы да саңылау тапты. Қорытынды есеп – 3:2. Бұл жеңістің арқасында солтүстікқазақстандықтар турнир кестесінде 5-ші орынға жайғасты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp