«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНАДАН КЕЛІП, ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАДЫ

Облыстық филармонияда эстрадалық-симфониялық оркестрдің дәстүрлі “Шеберлікке жол” атты концерті өтті.

Аталмыш концерт алғаш рет осыдан жеті жыл бұрын ұйымдастырылған болатын. Эстрадалық-симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Сергей Имашбаевтың мұрындық болуымен бастау алған концерт әуелде өңіріміздің жас музыканттарын қолдау мақсатымен қолға алынған екен.

– Жас музыканттар үшін оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсету шеберліктерін шыңдау жолындағы қажетті тәжірибе болып табылады. Алғашқы жылдары концертке Петропавлдағы өнер колледжінің студенттері мен музыкалық мектептің шәкірттері белсенді түрде қатысып тұрды. Енді бұл концерттерге еліміздің өзге өнер университеттерінің шәкірттері де қатысуға ниет білдіруде, – дейді Сергей Имашбаев.

Биыл болса Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушілері келді. Олар Сергей Имашбаевтың дирижерлік етуімен қызылжарлық өнерсүйер қауымға Вивальдидің, Гайдннің, Моцарттың, Швиндльдің және тағы басқа әлемге танымал сазгерлердің музыкалық шығармаларын ұсынды.

 (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp