«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНАДАН ТАРАЙТЫН ШҰҒЫЛАДАЙ тамаша жол Қызылжарға да тартылу үстінде

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында: “Инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистральды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады”, – деп айтылған. Президент Жолдауы Солтүстік Қазақстан облысының ұзындығы 1468 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту үшін бағдар болып табылады. Облыста “Астана – Петропавл” автомобиль жолының “Щучинск – Көкшетау – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы” транзиттік дәлізіне қайта жаңарту жүргізіліп жатыр. Ол 2017 жылы өңірімізді елордамен жалғайтын болады.

“Астана – Петропавл” автожолының облыс аумағындағы жалпы ұзындығы 132 шақырымды құрайды, 2013 жылы оның 26 шақырымы пайдалануға берілді. Өткен жылы автожолдың 106 шақырымында қайта жаңарту жалғасын тапты, құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 7,3 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша бөлінген барлық қаржы 100 пайыз игерілді, 30 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары атқарылды, облыс орталығына кіреберісте екі деңгейлі жол өткермесі бар көлік айырығы аяқталды.

Жұмысты мына жол-құрылыс компаниялары атқаруда: “KAZPACO” ЖШС-і, “Ақмола Құрылыс материалдары” және “Көкшетау жолдары” ЖШС-лері, олар 400-дей техниканы және 600 адамды жұмылдырған.

Жалпы ұзындығы 67 шақырым автожолдың төрт учаскесі орташа жөндеуден өтті, соның ішінде “Челябі – Новосібір” автожолының екі учаскесі (53 шақырым) және “Жезқазған – Петропавл” автожолының екі учаскесі (14 шақырым). “Жезқазған – Петропавл” автожолының орта жөндеуден өткен ұзындығы 9 шақырым бір учаскесі облыста алғаш рет қолданыс тауып отырған салқындатылған ресайклирлеу технологиясы бойынша жөнделді. Жолдарды күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу жұмыстары сомасы 982 миллион теңгеге атқарылды.

2015 жылы автомобиль жолдарын қайта жаңарту мен жөндеу жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 16,9 миллиард теңге бөлу жоспарлануда, оның 14,8 миллиард теңгесі – қайта жаңартуға, 1,2 миллиард теңгесі – орташа жөндеу жүргізуге және 900,0 миллион теңгесі күтіп ұстауға жұмсалады. Сол сияқты қайта жаңарту жөніндегі жұмыс “Астана – Петропавл” автожолының жалпы ұзындығы 106 шақырым төрт учаскесінде жалғасатын болады және де “Жезқазған – Петропавл” автожолы учаскесін және “Петропавл қаласының айналма жолы” (жол өткермесі айырығынан қаланың кіреберісі Жамбыл көшесіне дейін) учаскесін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды бастау жоспары бар. Жыл қорытындысы бойынша “Астана – Петропавл” автожолының тағы 55 шақырымын іске қосу жоспарлануда, қалған 51 шақырымның 30 шақырымына асфальт төселеді.

Орта жөндеу жұмыстары бойынша сомасы 1,2 миллиард теңгенің жалпы ұзындығы 60 шақырым автожолының төрт учаскесін жөндеу жоспарлануда, оның 38 шақырымдық үш учаскесі ресайклирлеу технологиясы бойынша жөнделеді. Бұл ретте жоспарланған жөндеу жүргізу учаскелерінің күрделі жөндеу салымдарын талап ететінін және орта жөндеу бойынша жаңа технологияның арқасында бюджет қаржысын бес есе үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтеміз.

Елбасы Жолдауында айтылған “Нұрлы Жол” мемлекеттік бағдарламасын уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында “ҚазАвтожол” Ұлттық компаниясының орталық аппаратында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға қатысты түсінік беру жұмыстары жүргізілді.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен “ҚазАвтожол” РМК-нің облыстық филиалы айналысады, онда арнайы техника мен білікті кадрлар бар. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сомасы 900 миллион теңгеге жолдардың ой-шұқырын жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау, оларға көркейту элементтерін орнату мен ауыстыру, демалыс алаңдарды жөндеу және басқа да жұмыстар жоспарлануда.

Асқар ЖАНКИН,

“ҚазАвтожол” АҚ Ұлттық компаниясы облыстық филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp