«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНАНЫҢ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен хат келді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

В.Путин өзінің хатында Нұрсұлтан Назарбаевты “EXPO-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана өтінімінің жеңісімен құттықтады.

“Бұл ауқымды шара әлемдік қоғамдастыққа достас Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өзгерістерінің жоғары нәтижелерін, тарихы мен дәстүрлерін көрсететініне, халықаралық аренада республиканың беделін одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін”, – делінген хатта.

В.Путин екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды ұстана отырып, Ресей Астананың кандидатурасын ілгері жылжытуға белсене қатысқанын атап өтті. Ол сондай-ақ Ресей тарапының “EXPO-2020”-ны Екатеринборда өткізуге берген өтініміне сәйкес тығыз өзара іс-қимылға және тәжірибе алмасуға үмітін білдірді.

Ресей Федерациясының Президенті Мемлекет басшысына және Қазақстанның барлық азаматтарына игілік, гүлдену және жаңа табыстар тіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp