«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНАНЫ ТАМАШАЛАДЫ

Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының 30 оқушысы елорданы тамашалап келді. Олардың ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 25 оқушы жаппай оқыту қорынан бөлінген қаражат есебінен сапар шекті.

“Отан отбасынан басталады” дегендей, балалардың бойында туған жерге сүйіспеншілікті қалыптастыру мектеп жасынан басталады. Сондықтан оқушыларды еліміздің жүрегі болып табылатын Астана қаласына саяхатқа апару соңғы жылдары дәстүрге айналған.  

“Ондағы мақсат – балаларды еліміздің тарихымен, Астана қаласының көрікті жерлерімен, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мұражайымен, жинақталған жәдігерлермен таныстыру. “Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық” дегендей, оқушылардың осының барлығын кітаптан оқып білгенінен, көзбен көргендегі алатын әсерлері басқаша. Саяхаттан оралған балалардың көңілдері көтеріліп, таным көкжиегі кеңейгенін аңғару қиын емес”, – дейді білім басқармасының бөлім бастығы Светлана Летучая.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp