«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНАҒА АЖАР БЕРДІ ГҮЛДЕРІ

Имантаулық Светлана Сәбитова “Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2 миллион теңге несие алып, бүгінде кәсіпкерлік саласындағы жоспарларын жүзеге асырып, нәсібін көріп отыр. Ол: “Алдымен мен 2009 жылдан бастап ауылда шағын жылыжай салып, гүл өсірумен айналыса бастадым. Бастапқы ауыр кезеңдерде де тынбай еңбектенудің нәтижесінде бірқатар табыстарға қол жеткіздім”, – деп жетістігінің мәнісін түсіндірді.

Светлана Сәбитова мемлекетіміздің қолдауымен бағдарламаның екінші бағыты бойынша “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін тағы несие алған. Оған неше түрлі гүлдердің өскіндерін және жылыжайды кеңейту үшін қажетті құрылыс материалдарын сатып алып, ауылдағы шағын бизнесін одан әрі дамытты. Несие арқылы сатып алған гүлдердің түрлерін жылыжайда отырғызып, биылғы жылы қажырлы еңбектің арқасында 200 мыңнан астам гүлдердің өнімін алған. Сол гүлдерінің барлығы бүгінде Астана қаласына көрік беріп тұр.  

– Бұл істе маған дер кезінде кеңес берген аудандық жұмыспен қамту бөлімі мен несие алуыма қолдау көрсеткен облыстық “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы болды. Өз кәсібін ашқысы келетіндерге мемлекеттің қаржылай қолдауының көмегі зор, – дейді Светлана Сәбитова.

Жеке кәсіпкер Светлана Сергеевна қосымша бау-бақша өсіріп, мал шаруашылығын да қолға алып, шаруасын дөңгелетуде. Өнімділігі көңіліне қонып, табыс көзіне айналған гүлдерінің түрлерін көбейтуді мақсат еткен Светлана Сәбитова еңбегінің ақталатынына сенімді.

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp