
Жинаққа “Егемен Қазақстан” газетінде 1994 жылдан бері жарық көрген мақалалар, сұхбаттар мен өлеңдер топтастырылған. Онда Ә.Кекілбаев, М.Жолдасбеков, Қ.Тоқаев, Қ.Сұлтанов, М.Қасымбеков, О.Мұхамеджанов және басқа да елімізге белгілі қайраткерлердің естелік-эсселері, сондай-ақ Х.Әбжан, А.Смайыл, Н.Оразалин, Қ.Тәукенов сияқты тарихшылар мен қаламгерлердің зерттеу еңбектері бар.
Жинақ тарауларында хронологиялық тәртіппен орналастырылған түрлі жанрдағы туындылардың оқырмандарға берер дерегі мол, айтары көп. Кітап 1000 таралыммен басылып шығып, еліміздің кітапханаларына үлестірілмек.