«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАРЫНДА ДАЛА ДӘСТҮРІ ЖАТЫР

Осыдан ширек ғасыр бұрын жалпыхалықтық референдум негізінде Ата Заң қабылданып, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілді.

Жиырма бес жыл бойы Ата Заң аясында қабылданған түрлі жобалар мен бағдарламалар еліміздің өркендеуіне негіз болған тың бастамалар екенін айтқан жөн. “Қазақстан – 2030” және “Қазақстан – 2050” ұзақмерзімді стратегиялары мен басқа да тағдырлы құжаттар барлық салада Конституцияның әлеуетін толық ашуға негіз болды. Ата Заңымыздың арқасында халқымыздың мәдени мұрасын сақтау мен зерттеуге ерекше ықылас қойылды. Бұл бағытта “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде көптеген іс-шаралар өтеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесі қарсаңында Ата Заң туралы танымдық шаралар ұйымдастырылатынын да айтқан жөн. Биыл да бұл игі дәстүр жалғасын табуда. Мұражай қызметкерлері мемлекеттің қалыптасу тарихынан сыр шертетін тақырыптық көрме өткізуді жоспарлауда. Биыл елімізде орын алған жағдайға байланысты барлық шаралар онлайн өтуде. Десе де, қатысушылар қазақ халқының ұлы тұлғаларының өмірімен танысып, Ата Заңның бастауында тұрған Қасым хан, Есім хан, Тәуке хандар мен атақты билер туралы мол мағлұматқа кенелді.

Конституция Қазақстанның өркендеуіне, елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайтуға күш береді. Сондықтан Ата Заңды құрметтеу – біздің парызымыз.

Бауыржан ЖҮНІСОВ,

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің бөлім меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp