Жуырда контрафактік DVD табақшаларын шығаратын астыртын цехтың іс-әрекетінің жолы кесілді.
Атап айтқанда, аталған цех Қызылжар ауданындағы бір елді мекендегі ( істі тергеу мүддесі үшін ауыл атын атамауды жөн көреміз. В. П.) жертөледе орналасқан.
Осылайша, мұнда заңсыз жасалған заттар Петропавл базарларына жөнелтіліп келген. Осы қылмыс бойынша күдікті тұлғаның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабының 2-ші бөлімі бойынша іс қозғалды.
Виктория ПИВОВАРОВА,
облыстық мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі бақылау бөлімінің қызметкері.