Солтүстікқазақстандық диқандар қамбағы 4,7 млн. тонна астық құйып үлгерді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өңірде орақ науқаны 99,2 пайызға орындалды. Қазіргі уақытта дәнді дақылдардың 2838,3 мың гектары бастырылды. Облыс бойынша орташа шығымдылық гектарынан 16,8 центнерді құрауда.
Үстіміздегі жылы облыс диқандары 970 мың гектарға майлы дақыл сіңірген болатын. Бүгінде оның 82,1 пайызы орылыпты. Жалпы 665 мың тонна майлы дақыл жиналды.
Облыс бойынша 34 мың гектарға егілген картопты жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Диқандар әр гектардан 133 центнерден өнім алды. Шаруалар өздеріне тиесілі алқаптарға сіңірілген 6,2 мың гектар көкөністі де жинап бітірді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústіk Qazaqstan”.