«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТЫҚ ҰРЛАП ҰСТАЛДЫ

Орақ науқаны басталғалы полицейлердің де жұмысы көбейді. Тамыздың 29-ынан “Орақ – 2016” жедел-алдын алу шарасы басталып, ауылдық жерлердегі ішкі істер органының барлық күші соған жұмылдырылған. Бүгінге дейін бидай ұрлаудың алты бірдей фактісі анықталды.

Ауылдық жерлерде криминогендік жағдайға мониторинг жүргізіліп, ұрлық жасауы мүмкін адамдар қадағалауға алынуда. Бұл жедел-алдын алу шарасы қазанның 15-іне дейін жалғасады.

Ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сағындық Жантеміровтің айтуынша, егін ору басталғалы бидай ұрлаған алты адам ұсталса, жанар-жағармай мен гербицид “жымқырған” 4 бірдей ұры қолға түскен. Аудандық полиция бөлімшелерінде жедел әрекет ету топтары құрылып, қырағылықты күшейтті. Тұрғындар арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp