«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСЫЛ ОЙДЫҢ БЕСІГІ

Биыл елімізде алғаш рет аталып өтіп жатқан рухани мереке – Ұлттық кітап күніне орай Есіл ауданындағы Ақтас ауылдық кітапханасында «Кітап – игіліктің есігі, асыл ойдың бесігі» атты әдеби кеш өткізілді.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа кітап оқудың маңыздылығын насихаттау арқылы оқырмандардың білімге, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру. Қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, сөз байлығын арттыру осы күнгі өзекті мәселелердің бірі саналады. Сондықтан да жастарды кітапқа ынтықтырып, әдеби шығармаларды ерте жастан оқытқан жөн.

Іс-шараға Ақтас негізгі мектебінің оқушылары қатысып, олар өздері таңдап алған ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқып берді. Қуанар Қайырлы, Айсезім Мұқатай, Құралай Жаңабай, Ақерке Құлатай өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында кітаптар жайлы қызықты мағлұматтар айтылып, белгілі тұлғалардың пікірлері ортаға салынды. Оқырмандарға кітапханаға жиі бас сұғып, білім іздеудің маңыздылығы айтылды.

Әлия ҚОСПАНОВА,

Ақтас ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp