
Петропавл қаласындағы Спорт сарайында асық атудан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. Оған еліміздің әр түкпірінен 50-ге жуық спортшы қатысты.
Біріншіліктің қорытындысы бойынша ұлдар арасындағы бәсекеде Нұр-Сұлтан қаласының командасы жеңімпаз атанды. Қарағанды өңірінің спортшылары екінші, ал жамбылдықтар үшінші орынға ие болды.

Нәзік жандар арасында бірінші орын қостанайлық қыздарға бұйырды. Ал өңіріміздің намысын қорғаған бұрымдылар мен Шымкент шаһарының командасы екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
– Жарыс тартысты деңгейде өтті. Жерлес спортшыларымыз сенімді ақтап, айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Үздік деп танылған командалар республикалық құрамаға іріктелініп алынатын болады, – деді доданың бас төрешісі Ақжан Сұрағанов.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды.