Петропавлда суға шомылмақ болған қарт пен оның немересі ажал құшты. Қайғылы оқиға “Простоквашино” демалыс базасының аумағында орын алды. Мұндағы жасанды су айдынына алпысты алқымдаған қарт пен оның тоғыз жасар немересі түскен. Өкінішке қарай, жеке бас қауіпсіздігі ережелерін елемеген олар су түбіне кетті. Кешкісін мұнда баласын іздеп келген анасы жағадан киімдерін тауып, бірден құтқарушыларды шақырады. Мамандар марқұмдардың мәйітін келесі күні таң атқан кезде тапты.
– Жасанды су айдынының ұзындығы – 80, ені – 50 метр. Сонымен қатар демалыс базасының иесі айдынды тереңдеткені анықталды. Сондықтан мұнда суға шомылуға тыйым салынған. Тіпті, арнайы белгі де орнатылған. Дегенмен, марқұмдар бұл ескертуді елемеген. Қазір тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысты тергеу амалдарын жүргізуде, – деді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің азаматтық қорғаныс бөлімінің аға инспекторы Кирилл Иванников.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы.