Қазақстанда ішкі істер департаменттерінің атауларына өзгеріс енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы қазанның 16-дағы № 637 қаулысымен ішкі істер департаменттері бұдан былай полиция департаменттері деп аталатын болды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті енді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті деп аталады. Сәйкесінше, қалалық ішкі істер басқармалары мен аудандық ішкі істер бөлімдері полиция басқармаларына және полиция бөлімдеріне айналады. Бұл Қазақстан полициясын реформалу аясында жүргізілген шара. Мемлекет басшысы жақында жариялаған Жолдауында ішкі істер органдарының жұмысын жаңартуды тапсырған болатын.