Еліріп қарының тоқтығына,
Тәубе етпей уайымның жоқтығына
Әке менен шешені лақтыра сап,
Ұмтылады дүние-мүлік боқтығына.
Сыпайы сәлемдесіп иіледі,
Көре алмай бірін-бірі күйінеді
Айтыңдаршы есің болса, о ағайын,
Не деген ары барға күйік еді.
***
Жас та болсам ағайын,
Қоңырауын әлем қағайын
Жүректе жатқан шеріңнің,
Тамырын басып, табайын.
Ыстық жас көрдім анадан
Бөлмеге жалғыз қамалған.
Болмаса қарттар үйінде,
Жаны тыныш саналған.
Үрей көрдім баладан
Бақытынан тоналған,
Ана сүтін ембеген,
Хабар күткен жаутаңдап,
Шешесінен жоғалған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 2 қаралым
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 2 қаралым