«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ата Заң аясында

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында бастау алған “Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” акциясы аясында Достық үйінде “Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі” атауымен “дөңгелек үстел” өтті.

Облыс орталығындағы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басы қосылған жиында мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің айнымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі болып табылатын Ата Заңның алдында ұлт пен ұлыстың тең екендігі айтылды. Сондай-ақ, басты құжаттың өткен ширек ғасырдағы даму, жаңғыру және қалыптасу жолы сөз болып, “дөңгелек үстелге” қатысушылар сотқа жеткізбей дауды шешу жөнінде де пікірлерін білдірді.

– Медиация мәселесі сөз болғанда сан ғасырлар бойы ішкі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға өзек болған, қазақтың барлық аймақтарында салт-дәстүрге сүйене отырып, тиімді жұмыс істеген, үкім шығарып айыптыны жазалаудан көрі бітімгершілік институтының рөлін көбірек атқарған билер тағылымын есімізге аламыз. Медиация – қазақ даласындағы кешегі билер сотының заман талабына сай, өркениеттік, ресми қалыпқа түсірілген жаңа үлгісі, – деді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің экономика және құқық факультетінің деканы Зәуре Қартова.

Алдағы уақытта аталған акция барысында өңірімізде өмір сүріп жатқан этностардың форумын, “Жылдың қайырымды адамы” байқауын, Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күндеріне арналған жастар шараларын ұйымдастыру жоспарланған.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp