«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУА РАЙЫН ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАРАП, АНЫҚТА

Қазақ халқы ауа райын табиғат пен жан-жануарларға қарап-ақ анықтаған. Мәселен, торғайлар топтаса ұшып, қайта-қайта қонып, денелерін сіліксе – жазда жаңбыр көп жаууының, көктемде, қыста ауа райының бұзылуының белгісі. Егер жауын жауып тұрғанда торғайлар зуылдап ұшып жүрсе, кешікпей күн ашылатынын білдіреді. Ал торғайлар суды ұзақ ішсе, жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Егер бұта-бұтақтарға тығылып ықтаса, күн суытып, бұрқасын болады деп болжаған ата-бабаларымыз. Ал бозторғай түнде әуендетсе, ертеңгісін күн ыстық болатынын білдіреді екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp