«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДАРДА ДА АЙТЫЛДЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-насихат тобының өкілдері Мамлют және Аққайың аудандарының бірнеше ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс істері, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Дина Акрачкова кездесуін Воскресеновка ауылдық округінен бастады. Одан соң ақпараттық топ мүшесі Новомихайлов орта мектебіне ат басын бұрды. Бұл күні Меңкесер ауылындағы оқу ордасы да назардан тыс қалған жоқ. Меймандар мектеп ұстаздарына Жолдаудың жай-жапсарын түсіндірді.

Ал Аққайың ауданында насихат тобының өкілдері алдымен Смирново ауылында жақында ғана халық игілігіне тапсырылған “Икеа Тас Групп” ЖШС-нің элеваторында болды. Осы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова бастаған делегация “Нұр Отан” партиясы Аққайың аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Онда топ мүшелері жалпы 4 азаматтың мұң-мұқтажын тыңдады. Бұдан соң делегация мүшелері Мәдениет үйінде аудан активімен кездесіп, Елбасы Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.

Светлана Бычковадан кейін сөз алған ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев соңғы 9 жылда елге 200 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылғанын жеткізді. Қазақстан барынша дамыған 30 елдің қатарына енген кезде бұл көрсеткіш әлдеқайда арта түспек. 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысына ел қазынасынан 38 миллиард теңге қаражат бөлінген екен. Мұны кездесу барысында қаржы министрінің орынбасары Руслан Бекетаев тілге тиек етті.

Бұдан соң топ мүшелері аудан орталығында тәулігіне 250 адамға қызмет көрсететін жаңа емхананың тыныс-тіршілігімен танысты.

Самат ЕСМАҒИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp