Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аясында №2 Смирнов орта мектебінде тілдер апталығын ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Биыл да білім ордасының ұстаздары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін насихаттау, жас ұрпақ бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту және олардың отаншылдық сезімдерін қалыптастыру мақсатында түрлі байқаулар мен әдеби кештер өткізуде.
Апталықтың алғашқы күнінде оқушылардың қатысуымен қазақ халқының және түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрінен сыр шертілсе, одан кейін “Тіл – татулық тірегі” атты мерекелік кеш өтті. Ал бастауыш сынып оқушылары “Бай мен Алдар көсе” ертегісін дайындап, ұстаздар мен ата-аналар назарына ұсынды. Сондай-ақ, 2-сыныптың шәкірттері мақал-мәтел айтып жарысты. Тілдер апталығына орай алдағы күндері де көптеген шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
Бәтия НҰРЫШОВА,
№2 Смирнов орта мектебінің мұғалімі.
Аққайың ауданы.