Булаево қаласының орталық стадионында “Мықты денсаулықтың арқасында жүз жасаңыз!” атты көңілді ұранмен “Денсаулық фестивалі” өтті. Осы өткізілген шараға Булаево қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері және мектеп оқушылары белсенділікпен қатысты. Фестиваль таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларынан басталды.
Дене шынықтыру жаттығулары Президенттік мильге жүгірумен жалғасты. Жарыстар ересектер мен оқушылар арасында жеке-жеке өткізілді. Оқушылар арасында өткізілген жүгіру жарыстарында қыздардан 3-орынды Д. Чепикова (Булаеводағы №2 орта мектеп), 2-орынды Д. Волчкова (Медвежка орта мектебі) және 1-орынды А. Рахмаева (№2 БОМ) иеленсе, ер балалар арасында өткізілген жарыста 3-орынды Д. Шарифян (№4 БОМ), 2-орынды А. Фунтиков (Батыр Баян атындағы мектеп-гимназия), 1-орынды И. Грецай (Батыр Баян атындағы МГ) жеңіп алды.
Ересектер сайысында әйелдерден 3-орынды А. Бейсембаева олжалады (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі), 2-орынды Д. Қалақаева (аудандық орталық аурухана), 1-орынды И. Дубасова (аудандық орталық аурухана) иеленсе, ерлер арасында 3-орынды Қ. Мұсатаев (Батыр Баян атындағы МГ), 2-орынды Н. Майбасов (№4 БОМ) және 1-орынды Н. Жанпейісов (халыққа қызмет көрсету орталығы) олжалады.
Одан әрі “Денсаулық фестивалі” Булаево қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары қызметкерлері арасында өткізілген шағын футбол бойынша спартакиадамен жалғасты. Бұл жарыстарға 10 команда қатысты. Осы командалар үш топтарға бөлінді. Топтардағы ойындардың нәтижесінде ақтық сынға жолдама алған 3 команда анықталды.
Ақтық сындардың қорытындысы бойынша бас жүлдені салық басқармасы командасы иеленді.
Жүлдегерлерге дипломдар, ал жеңімпаз командаға естелік кубок табыс етілді.
Медет БЕКІШЕВ,
қоғамдық тілші.
Мағжан Жұмабаев ауданы.