Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда облыстық ішкі істер департаменті комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Шара барысында жедел-қызметтік жұмыс нәтижелерінің бес айдағы қорытындысы бойынша аудандық бөлім басшыларының есептері тыңдалды. Ал аудан әкімі Владимир Дудов аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық жағдайына қолдау көрсетуге әзір екенін айта келе, ұжымға жаңа қызметтік “Лада Приора” автокөлігі мен компьютер, төрт жылдамдық тексеру құралын табыс етті.
Кеңес соңында жұмысында жақсы жетістіктерге қол жеткізген бірқатар полиция қызметкерлері облыстық ішкі істер департаменті тарапынан марапатталды.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз
қызметінің аға инспекторы.