«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ЖАҢА ДЕПУТАТТАРЫ

Жексенбі күні Қазақстанның 11 өңірінің 45 сайлау округінде шығып кеткен депутаттардың орындарына сайлауы өтті. Округтерде депутаттыққа үміткер болып 112 адам тіркелген болатын. Олардың 48-і – Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері, 52-сі – партияда жоқтар, ал 12-сі – қандай партияға жататынын көрсетпегендер. Сайлау қорытындысы бойынша 10 облыстық, 8 қалалық, 27 аудандық мәслихаттардың депутаттары сайланды.
Сайланған мәслихат депутаттарының құрамы:
“Нұр Отан” ХДП мүшелері – 42 (93,3%)
ҚХКП мүшелері – 1 (2,2%)
партияда жоқтар – 2 (4,4%)
ер адамдар – 41 (91,1%)
әйелдер – 4 (8,9%)
Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың және Тайынша аудандарында сайлау өтті.
Аққайың ауданы мәслихатының депутаты болып 1960 жылы туған, “Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған Смирново интернат-үйі” КММ директоры, “Нұр Отан” ХДП мүшесі Еркін Жақыпов сайланды.
Тайынша ауданы мәслихатының депутаты болып 1976 жылы туған, “Тайынша – 2006” ЖШС элеваторының директоры, “Нұр Отан” ХДП мүшесі Нұрбек Өтегенов сайланды.
(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp