«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНЫМЫЗ АЖАРЛАНА ТҮСЕДІ

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында елімізді өз дамуының сапалы жаңа деңгейіне шығара алатын шаралар кешенін жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті. Бұл, ең алдымен, көліктік-логистикалық және инженерлік инфрақұрылымдардың дамуына байланысты.

Бұл басталып та отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көлік стратегиясы жүзеге асырылуда, ол экономиканың көлік және онымен байланысты салаларда нысаналы бағдарлама әзірлеуге негіз болады. Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгендей, негізгі жобалар жоғары сапалы автожол магистральдарын, темір жол мен әуежайларды қамтитын қосалқы сапалы инфрақұрылым құруды қарастырады. Бұл жеткізіп беру мерзімін қысқарту есебінен. Шетелдерден жүк тасқынын және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекет бюджетіне салық пен алымдар көлемін арттыруға жағдай жасайтын болады, жаңа өндірістік қуаттар мен тұтастай алғанда экономика секторларында жұмыс орындарын құрады.

Аталмыш инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру өңірлік экономиканың дамуына инвестицияларды белсенді тартуға арналған күш-жігерді шоғырландыру бағытында бизнес үшін сигнал болады.

Көлік инфрақұрылымын дамытуда Қызылжар ауданында да белгілі бір жұмыс жүргізілуде.

Жыл сайын автомобиль жолдарын жөндеу жоспарлы түрде жүргізіледі. 2014 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қалпына келтіруге 257 млн. теңге бөлінді. Асаново, Шаховское, Подгорное ауылдарына кіреберіс жолдар және “Воскресеновка-Боголюбово-Надежка” аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделді. Олардың жалпы аумағы 36 мың шаршы метрді құрады. Бескөл ауылы да назардан тыс қалған жоқ. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 20 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды. 2015 жылы бұл жұмыс жалғастырылады және Водопроводное ауылына кіреберіс жол жөнделеді.

Елбасы айтқанындай, республиканың экономикалық әлеуетін толық көлемде пайдалану үшін сатып алынатын материалдардың қазақстандық үлесінің өсімін ұстануымыз қажет.

Бүгінгі таңда аудан аумағындағы автомобиль жолдарын жөндеу бойынша атқарылатын жұмыс 100 пайызды құрайды. Жөндеу жұмысына қатысатын мердігерлік ұйымдар Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тіркелген және жергілікті бюджетке салық төлейді.

Біздің мемлекетіміздің тағы да бір басым бағыттарының бірі – тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету. Ауданның сумен жабдықтау жүйелері жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары 3 жылдан бері “Ақ бұлақ” мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіліп келеді. 2014 жылы Булаев топтық су құбырын қайта жаңарту басталды, ол ауданның 9 ауылын (Знаменское, Бугровое, Новоникольское, Рассвет, Красная Горка, Приишимка, Подгорное, Водопроводное, Асаново) қамтыды, бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 636,4 млн. теңге бөлінді. 2015 жылы ауданда сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары жалғастырылады, оған республикалық және облыстық бюджеттен 672,9 млн. теңге мөлшерінде қаражат қарастырылған.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мақсаты – тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту. Қызылжар ауданы орталығының тұрғындары үшін 2012 жылы республикалық бюджет есебінен сомасы 600 млн. теңгеге жаңа қазандық салынды. 2014 жылы Бескөл ауылында жылумен жабдықтау торабы желілері құрылысының бірінші кезеңі 547,8 млн. теңгеге жүргізілді. 2015 жылы 2,4 шақырым жылумен жабдықтау желілерін тарту жоспарлануда.

Торапты және тарату желілерінің құрылысы аяқталған соң оған 55 әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысан қосылатын болады, оның ішінде аудан орталығының 25 мекемесі және 30 көпқабатты тұрғын үй бар.

Бұл өсімнің кемуіне оң әсер етеді және аудан орталығының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін едәуір көтереді.

Елді мекендердің жағдайы маңызды рөл атқарады. 2014 жылы Қызылжар ауданының ауылдарын абаттандыруға 40 млн. теңге бөлінді. 19 ауылдық округте сомасы 32,4 млн. теңгеге балаларға арналған ойын алаңдары жасалды. Бескөл ауылында жалпы сомасы 8,8 млн. теңгеге жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы ауданның елді мекендеріндегі көшелерді жарықпен қамтамасыз етуге – 24,4 млн. теңге, елді мекендердің көшелерін санитарлық қамтамасыз етуге – 1,8 млн. теңге, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға – 4,7 млн. теңге, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 14,5 млн. теңге, қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауды ұйымдастыруға 1,9 млн. теңге бөлінді.

Биыл ауданның ауылдық елді мекендерін абаттандыруға 41,2 млн. теңге қарастырылған.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында алдымызға жаңа ауқымды міндет қойып отыр. Барлығымыз күш біріктіре отырып, оны жүзеге асыратындығымызға сенімдімін.

Жоламан БӘКІШЕВ,

аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

бөлімінің басшысы.

 

 Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp