«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛЕДІ

Қыруар қаржы бөлінген жолдарды сапалы жөндеумен қоса, оларды күту де маңызды жұмыстың бірі. Осыған дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцев жуырда ғана жөнделген жолдарды жүк көліктері бұзып жатқанын талай мәрте айтқан болатын. Алайда, сол жүк көліктерінің жүруіне шектеу салатын жол белгілерін қоюда жауапты басқарманың өзі сылбырлық танытып отыр. Егер облыс жолдарына 200-ден астам жол белгісін қою керек болса, оның тек елуі ғана орнатылған. Осы орайда облыс әкімі Құмар Ақсақалов жүк көліктері үшін жолдарды жабуды тапсырып, қажеттілігіне қарай қосымша қаржы бөлінетіндігін айтты. Қара күз басталса да, жолдарды күтіп ұстауға жауаптылардың бұл жұмысқа әлі дайын еместігі анықталды. Қар қалың түсетін Айыртау ауданында жолдарды аршуға бөлінген үш техниканың біреуі істен шыққан. Кейбір аудандар жанар-жағармайды да, инертті материалдарды да алмаған. Егер өңір жолдарында ай сайын 15 ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелсе, өткен айда оның саны отыз беске жетіп, 10 адам қаза тапқан. Бұл қазіргі қолайсыз ауа райында жолдарда тиісті жұмыстардың атқарылмауының салдары да болуы мүмкін. 

Өткен үш жылда “Нұрлы Жол” бағдарламасын жүзеге асыру аясында осындай ауқымды жұмыстар атқарылса, келер жылы аудан орталықтарындағы көшелерді жөндеуге басымдық берілмек. Егер үстіміздегі жылы Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылының көшелері жөнделсе, осындай жұмыс Қызылжар ауданының орталығында да қолға алынады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қазіргі және бұрынғы аудан орталықтарының көшелері жөнделіп, оған қажетті қаржы облыстық және аудандық бюджеттен бөлінетіндігін айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp