«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАН ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Қызылжар ауданында алғаш рет аудан әкімінің тікелей сайлауы өтті. Дауыс беруге 31 661 адам құқылы болса, өз таңдауын 17 815 сайлаушы ғана жасаған.

Ауданға әкім болуға үш кандидат ұсынылды. Осыған дейін Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары болған Бейбіт Исманов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин және Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Санат Әубәкіров сайлауға түсті.

Саяси науқан қорытынды­сы бойынша Санат Әубәкіров 2 549 дауыс жинаса, Асқар Ха­бибулин үшін 1 671 адам дауыс берген. Ал 1310 тұрғын «бәріне қарсымын» бағанына белгі қойған. 11771 дауыс жинаған Бейбіт Исманов аудан әкімі болып сайланды.

1971 жылы Алматы қала­сында дүниеге келген Бейбіт Исманов әр жылдары облыс­тық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, табиғи ресурстар және табиғатты пай­далануды реттеу басқармала­рының басшысы, Айыртау ау­данының әкімі қызметтерін атқарған. Ал 2025 жылдың мау­сымында Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

Диас АЯҒАН, «Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp