Қызылжар ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан көмір тиелген тіркеме аударылып қалды. 21 қыркүйек күні «КамАЗ» көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Петропавл қаласынан Есіл ауданына бет алып бара жатқан. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған көлікпен соқтығысуды болдырмаудың алдын алмақ болған жүк көлігінің жүргізушісі кенеттен жасаған тежеудің нәтижесінде көмір тиелген тіркемені аударып алған. Жол шетіндегі металл қоршаулар да зақымдалды.
Оқиға орнына келген Қызылжар аудандық полиция бөлімі құрамындағы әкімшілік полицияның инспекторы жол-көлік оқиғасы бойынша материал жинап, апаттың салдарын жою үшін жедел түрде тиісті шаралар қабылдады. «Қазақавтожол» АҚ-ы облыстық филиалының жұмысшылары бірнеше сағат ішінде зақымданған қоршауларды қалпына келтірді, көмір тіркемеге қайтадан тиелді.