
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ІТ технологияны пайдалану жолымен мемлекеттік электронды аудит жүргізудің қанатқақты жобасын талқылаған дөңгелек үстел өтті. Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Тілеген Қасқин, университеттің бірінші проректоры Ербол Исақаев және дөңгелек үстелге қатысушылар Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын электронды аудиттің артықшылықтарын талқылады.