«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аумақтық инспекция жұмысы мінсіз емес

Облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында алты мәселе қаралды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басшысы – әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалығымен өткен отырыс барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Владимир Отрадных өзі басқаратын мекемеде қызметтік тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлықтың және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың алдын алу шаралары жөнінде баяндады. Өткен жылы өңірімізде тәртіп бұзу бойынша көш бастаған бұл органның 7 маманы мемлекеттік қызметтен шеттетіліпті. Кеңес мүшелері инспекцияның жұмысын қанағаттанарлықсыз деп бағалады.

Бұдан кейін сөз алған мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының төрағасы Дулат Тайшабай өңірдегі мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың төртінші тоқсанда атқарған жұмысын қорытындылады. Аталған мерзімде тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің 175-іне – ескерту, 84-іне – сөгіс, 18-іне қатаң сөгіс жарияланса, 21-і қызметіне толық сәйкес емес деп танылып, 2 адам қызметтерінен босатылған.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp