
Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустық инфекция өршіп тұрған өңірлердің біріне жатады. Мәселен, өткен бір тәуліктің ішінде облыста 117 адам қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. Соның ішінде 61 адамның бойында ауру белгілері бар, 56-сының ауру белгілері жоқ. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Нұр-Сұлтан қаласында – 71, Алматы қаласында – 74, Шымкентте – 4, Ақмола облысында – 76, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 21, Атырау облысында – 12, Шығыс Қазақстан облысында – 170, Жамбыл облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында – 41, Қарағанды облысында – 21, Қостанай облысында – 75, Павлодар облысында – 107, Түркістан облысында 3 жағдай тіркелді.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, біздің өңірімізде анықталған жаңа жағдайлардың 35-і – Петропавл қаласында, 26-сы – Қызылжар ауданында, 11-і –М. Жұмабаев ауданында, 3-уі – Тимирязев ауданында, 7-уі – Мамлют ауданында, 1-еуі – Жамбыл ауданында, 6-уы – Есіл ауданында, 1-еуі – Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда, 3-уі – Шал ақын ауданында, 11-і – Тайынша ауданында, 12-сі – Аққайың және біреуі Айыртау ауданында тіркелді.
ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 103 азаматтан және эпидемиологиялық қадағалау мақсатында 14 азаматтан алынды. Пандемия басталғалы, облыс бойынша коронавирустық инфекцияны анықтауға бағытталған 164890 зерттеу жүргізілді. Оның 6067-сі, немесе 3,7 пайызы оң нәтиже көрсетті.
Жалпы, облыста COVID-19 індетінің 6067 жағдайы тіркелді. Ел бойынша ауырғандар саны – 129 213. Қазір елімізде коронавирус инфекциясынан 11 816 адам емделіп жатыр. 208 науқастың жағдайы ауыр, ал 31-інің жағдайы аса ауыр. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Ел бойынша 26 қарашада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. 73 адам емделіп шықты. Ал коронавирустан жазылғандар саны 115 мыңнан асты. Оның 563-і өткен тәулікте ауыр дерттен айықты. Соның 156-сы – солтүстікқазақстандықтар.
Облыста мониторингтік топтардың санитарлық талаптардың сақтауын қадағалауға бағытталған жұмысы жалғасын табуда. Соның нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1403 хаттама толтырылды. оның 1287-сі – жеке тұлғаларға, 114-і – шаруашылық жүргізуші субъектілерге, екеуі лауазымды тұлғаларға қатысты. Тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 82,0 млн. теңге айыппұл салынды.
Сурет: https://www.aa.com.tr/