Облыстық балалар ауруханасында 12 жасар қыз көз жұмды. Алдын ала жасалған паталоганатомиялық диагноз нәтижесі — “Жедел респираторлы инфекция. Миокардит. Пневмония. Өкпенің қабынуы”.
Науқас 17 қаңтардан бастап ауырған. Дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілген соң, ата-анасы жедел жәрдем қызметін шақырады. 19 қаңтар күні қыздың жағдайы күрт төмендеп, есінен танып қалған. 20 қаңтар күні науқас жоғары дене қызуымен, жөтел, естен тану, әлсіздік белгілерімен ауруханаға жеткізілгенде жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Жедел жүргізілген жансақтау шаралары нәтиже бермей, қыз қайтыс болды.