Елімізге Қытай Халық Республикасы жөнелткен гуманитарлық көмектің бір бөлігі біздің өңірімізге келіп жетті. Жалпы саны 47 мыңнан астам медициналық қорғаныш құралдарын “Медсервис плюс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өңіріміздегі филиалы қабылдап алды. Қазіргі таңда гуманитарлық көмек “СК Фармация” компаниясының жергілікті қоймаларында сақтаулы тұр.
Қауіпті індетпен күресте қытайлықтар 3700 қорғаныш көзілдірігін, 1600 медициналық комбинезон, 8200 хирургиялық бірреттік қолғап, 50 жанаспайтын инфрақызыл термометр, 54000 медициналық және 28960 хирургиялық бетперде жіберді.
Аспан асты елінің бұл көмегі өңірдегі ауруханаларға қажеттілігіне қарай таратылатын болады.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.