«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУ АЗАЯДЫ

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген соң, көптеген ауруларды емдеу күндізгі стационарға ауыстырылады. Ауруханада ұзақ жатып емделу қысқамерзімді қарқынды емдеуге ауыстырылмақ. Сақтандыру қаражаты есебінен оңалтуға және қалпына келтіруге бөлінетін ақша көлемі ұлғаяды. Ауырған адам емханаға немесе ауруханаға келіп, қажетті процедураларды алып, үйіне қайтады. Ал ол егер емханаға өз бетінше бара алмайтын болса, оған медициналық қызмет үйінде көрсетіледі. Күндізгі стационарда толыққанды емделу – бұл күнделікті өмірден қол үзбей білікті медициналық көмек алу мүмкіндігі.

Мұндай көмекті әлеуметтік маңызы бар аурулармен (онкология, туберкулез, АИТВ/ЖИТС, психиатрия/наркология, созылмалы вирустық гепатит және бауыр циррозы, қант диабеті, психикалық ауытқушылықтар, сал ауруы, жіті миокард инфарктісі, ревматизм және т.б.) және динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулармен (В және С созылмалы гепатиті, гипертониялық ауру, ишемиялық ауру және жүрек қақпақшаларының зақымдануы, қант диабеті, бүйректің созылмалы ауруы, бүйрек және т. б.) ауыратын науқастар ала алады. Емдеу ұзақтығы – 3 жұмыс күнінен кем емес және 8 күннен көп емес. Емхана жанындағы күндізгі стационарлар күн сайын, демалыс және мереке күндерінде де, таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

«ӘМСҚ» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Сурет https://24.kz/ сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp