«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУРУ АНЫҚТАЛМАДЫ

Айыртау ауданының 18 жастағы тұрғынының менингококк ауруынан көз жұмғаны туралы болжам айтылып, бұл жағдай қоғамда алаңдаушылық тудырған болатын.

Алайда, жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша марқұмнан менингококк жұқпасы анықталмады. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәлімет іске сәйкес сараптама Айыртау аудандық орталық ауруханасының бактериологиялық зертханасында жүргізілген.

Марқұмның нақты неден қайтыс болғанын емдеу мекемесі анықтайды. Қайтыс болған бойжеткенмен араласқан 64 адам бактериологиялық зерттеуден өтіп, олардан да ауру белгісі табылған жоқ. Қазір барлығы медициналық бақылауда.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp