Бүгінгі күні Қызылжар өңірінде 38 елді мекен жабылудың алдында тұр.
Бұл ауыл-селоларда бірлі-жарым ғана тұрғын қалған. Мектептері жабылған, медициналық пункті, ауыз суы жоқ ауылдардан тұрғындардың көшуі жалғасуда. Өткен жылғы зерттеулер барысында өңірдегі 664 елді мекеннің 160-ның ғана әлеуеті жоғары, 482-сінікі – орташа, 22-сінің болашағы жоқ деп танылған екен. Биылғы мәліметтер бойынша облыста 103 елді мекенде тұратын азаматтардың саны 50-ден аспайтыны анықталған.