«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАСТАРЫН САН СОҚТЫРҒАН

Полиция қызметкерлері Тайынша ауданының 30 жастағы тұрғыны алаяқтықтың 16 эпизоды бойынша күдікті деп танылған қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұрын сотталмаған ер адам алаяқтық жолмен ауылдастарының ақшасын иемденген. Жалпы шығын 140 миллион теңгеге жуықтаған.

Полицияға Тайынша ауданының тұрғындарынан 2022 жылдың жазынан 2024 жылдың мамырына дейінгі аралықта олардың ортақ танысы несиеге алған ақшаны алдап иемденгені туралы бірнеше арыз келіп түскен. Күдікті барлық эпизодтарда болашақ жәбірленушілеріне ауыл шаруашылығы саласында ірі бизнесі бар екенін айтып, әртүрлі сылтаулармен оның дамуына несие алып беруін сұраған. Адамдар оның айтқанына сеніп, банктердің мобильді қосымшалары арқылы несие алып берген, кейін сол ақшаны күдікті көрсеткен шотқа аударған. Бірақ уақыт өте келе ер адам ақшаны мүлдем қайтармаған. Күдіктінің басқа ұқсас эпизодтарға қатысы бар болуы мүмкін.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp