«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КУРСЫ

Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл №2 орта мектебінде “Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда инновациялық технологияларды қолдану” тақырыбында қысқамерзімді курс және үш деңгейлік курстан өтіп, сертификатталған мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату жөнінде облыстық семинар өтті.

Шараға қатыса отырып курстың тиімділігіне көз жеткіздік. Оқытушының шеберлігі, тіл байлығы, ұйымдастырушылық қабілеті, шапшаңдық пен тиянақтылық қасиеттерінің арқасында қысқа мерзімде жаңа технологиялардың қыр-сырын анық, нақты әдіс-тәсілдер арқылы меңгердік. Соның ішінде Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Блум таксономиясы, 12 жылдық білім беру, тағы басқалар жөнінде маңызды ақпараттар берілді.  

Оқытушымыз Ақмарал Ілиясова бізге әр сабақта жаңа технологияға байланысты ақпараттарды жеткізе отырып, оларды тәжірибеде қолдану жолдарын үйретті. Семинар барысында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін пайдаланып, әртүрлі топтарға бөлініп жұмыс істедік. Тренингтер, мәселелік сұрақтарды сыни тұрғыдан қарастыру жолдарына жаттықтық. Тәжірибе барысындағы жұмыстарымызға әріптестерімізбен пікір алмаса отырып баға беріп, ұсыныстарымызды айттық.

Курстың өту мерзімі қысқа болса да, оқытушымыз әр ұстаздың жаңа қырын аша білді және жаңа инновациялық технологияларды меңгерте алды. Өткізілген сабақтарды қорытындылай келе, алдағы уақытта әріптестеріммен тәжірибе алмасу барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлерге сыни тұрғыда қарап, өз сабақтарыма жаңа технологиялардың тиімді тұстарын енгізіп, білім сапасын арттыруға бел будым.

Дариха ИСКАКОВА,

Шағырсай негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp