«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Кеше Уәлиханов ауданындағы су басу қаупі бар Қаратал ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, бүгіндері елді мекендердегі жағдай тұрақты.

— Қаратал ауылында 233 тұрғын бар. Кеше күндізгі сағат 12:00-ден бастап су басу қаупі бар үйлердің 33 тұрғыны тікұшақтың көмегімен Қулыкөл ауылындағы эвакуациялық бекетке жеткізілді. Сондай-ақ, туған-туыстарының үйіне және мектептегі қосынға өз күшімен көшіп жатқандар да бар. Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарының 2754 бас малы қауіпсіз жерге жеткізілді, — дейді Ерік Сарыбаев.

Қазіргі уақытта ауылда су сорғылау жұмыстары мен қорғаныс үйінділерін нығайту шаралары жалғастырылуда. Елді мекенге азаматтық қорғаныс және жергілікті атқарушы биліктің барлық күштері тартылған. Жуырда олардың қатары Нұр-Сұлтан қаласынан және Павлодар облысынан келген құтқарушылармен толықты.

Оқиға орнында 40 маман тәулік бойы кезекшілік етуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp