«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ НАУРЫЗ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін Мамлют ауданындағы Бостандық ауылының тұрғындары да ерекше сән-салтанатпен атап өтті.

Ауылдың ересек өнерпаздары мен талантты балдырғандарының әзірлеген көңілді билері, әсем әндері мерекенің көркін аша түсті.

Мейрамның басты кейіпкері – Қыдыр Ата жиналғандарды аузына қаратып, ақ батасын беріп, айрандай ұйыған еліміздің берекелі, мерекелі өмірінің мәңгі болуын тіледі.

Ауыл тұрғындарынан құралған “Береке” және “Мереке” атты екі топ халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан сахналық қойылымдар көрсетті. Олар шеберлікпен көрсете білген “тұсаукесер”, “бесікке салу”, “қырқынан шығару”, “құдалық” тәрізді қойылымдар ұтымды шықты.

Ауылдың бір топ бозбалалары мен бойжеткендері алтыбақан тепсе, бір төбе жастар гір көтеру, асық ойнау, аударыспақ сынды ұлттық ойындарға қатысып, бақтарын сынасты.

Әсел МҰСТАПИНА.

Мамлют ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp