«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ ХОККЕЙ АЛАҢДАРЫ

Саумалкөлдегі мектеп-интернат ауласында стандартқа сай жаңа хоккей корты ашылды. Бұл нысанның тапсырылуы жасөспірімдерді саламатты өмір салтына тартуға, дене шынықтыру мен спортты насихаттауға бағытталғандығына баса назар аударған аудан әкімі Ағзам Тастеміров мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне жаңа хоккей формаларын сыйлады.

Жас спортшы, мектеп-интернат тәрбиеленушісі Юрий Бердюгин аудан басшысына және балалар игілігі үшін ашылып жатқан жаңа спорттық нысанның құрылысына атсалысқан азаматтарға зор алғысын жеткізді.

Осындай хоккей алаңдары Дәуқара және Шалқар ауылдарында да салтанатты түрде ашылды.

Бағлан ҚОЖАҚОВ,

журналист.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp