«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Биылғы жылдың 17 шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Осыған орай мемлекеттік қызмет істері облыстық департаментінің бас маманы Гүлжан Жұмағазина заңнамадағы жаңашылдықтар жайлы онлайн семинар өткізді. Семинарға Мамлют ауданының мемлекеттік органдарының қызметшілері қатысты.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес «А» корпусының кадр резерві таратылды, бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға өткізілетін конкурстар оңтайландырылды, екінші ішкі және жалпы конкурстар біріктірілді, жекелеген саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары белгіленді, сондай-ақ ауылдық жерлерде тұратын мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылды.
Өкілетті органның қызметкерлері жиналғандарға осы және өзге де өзгерістер туралы әңгімеледі. Жиын соңында мамандар келіп түскен сұрақтарға жауап берді.


Гүлнар СӘРСЕМБАЕВА,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
облыстық департаментінің бас маманы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp