«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДА БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Есіл ауданының Николаевка ауылында «Қазпочта» мекемесінің ауылдық бөлімшесі ашылды.

Жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен пошта қызметінің ғимараты қайта қалпына келтірілген. Мың жарымға тарта тұрғыны бар елді мекенге осындай бөлімше қажет болатын. Бүгінде заман талабына сай өзгертіліп, тұрғындар игілігіне берілген ғимаратқа бұрын жергілікті кәсіпкер Қайрат Есімсейітов иелік еткен. Кейін ол тұрғындар қажеттілігі үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аталмыш нысанды «Қазпочта» филиалына берді.

Бөлімше мың жарым тұрғынға қызмет көрсетеді, соның үш жүзге жуығы – зейнеткерлер. Пошта ғимаратына арнайы терминал қойылған. Жүйенің автоматты түрге көшуі төлемдердің діттеген жеріне тез жетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, пластикалық карточкалар арқылы да тұтынушыларға қызмет түрлері ұсынылады.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

журналист.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp