«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Ақжар ауданының Қарашілік ауылында спорт алаңы ашылды. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған аталмыш нысан жаз айларында волейбол, баскетбол алаңы ретінде пайдаланылса, қыста хоккей кортына айналады. Бұл игі іске ауыл тұрғындары дән риза. Олар жастардың көңіліндегісін дөп басқан “Бекболатов” шаруа қожалығының жетекшісі Қалижан Бекболатовқа өз ризашылықтарын білдіруде. Себебі, қарашіліктіктердің спортқа деген көңілі ерекше. Күрестен түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүрген ауыл жастары хоккейге де құмар.

Болат ӘМРИН,

журналист.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp